• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Президент 21 Наурыз, 2023

Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының жетекшісіне ер-тоқым сыйлады

250 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожиновке ер-тоқым сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Президент Nomad Stunts тобының өнерін тамашалады. 

Каскадерлер аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, садақ ату сияқты ұлттық ойын түрлері мен көшпенділердің әскери шеруін көрсетті.

Ал өз кезегінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Nomad Stunts тобының жетекшісіне Жайдарбек Күнғожиновке ер-тоқым сыйлады.

«Мен сіз туралы фильмді көргенмін. Сондықтан сіздің өнеріңізді жақсы білемін. Әрқашанда аман болыңыздар», деп тілегін білдірді Президент.