• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Наурыз, 2023

Тараздық полицейлер жоғалып кеткен 6 жасар баланы тапты

698 рет
көрсетілді

21 наурыз күні ПБ ЖБО-на мөлтек аудандардың бірінде 6 жасар ерекше баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған баланы іздеу жұмыстарына шұғыл түрде патрульдік полиция батальонының 5 автоэкипажы, 70 полиция қызметкері жұмылдырылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала аман-есен табылып, ата-анасына табысталды.

Жоғалған баланың анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтты.