• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Наурыз, 2023

Амалдың айтулы сыйы

140 рет
көрсетілді

Амал мерекесіне орай «Самұрық-Қазына» АҚ маңғыстаулық балаларға 21 ойын алаңын сыйға тартты.

«Самұрық-Қазына» қорының басқа­рушы директоры Ғибрат Ауғановтың айтуынша, бұл жобаға 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. 2022 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы Маңғыстау өңірінде құны 1,8 млрд теңгені құрайтын 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылған.

– Біздің қор қайырымдылық көмек көрсету барысында жобалардың жүйе­лілігі және компаниялар тобының кәсіп­орындары бар өңірлерді қамту, тұр­ғын­дардың әл-ауқатын жақсартуға айрықша назар аударады. Наурыз айының соңына дейін қолданысқа берілетін спорт алаң­дары халық игілігіне қызмет етеді деген сенімдемін, дейді Ғибрат Ауғанов. Яғни наурыз айының соңына дейін 400-ден 1200 шаршы метрге дейінгі аумақты құрайтын тағы да 18 алаңның құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі.

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қайырымдылықтың бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust» қоры Жаңаөзен қаласында көптеген әлеуметтік мәселені шешуде қолдау көрсетіп келе­тінін айтады.

– Өткен жылы жаңаөзендік мектептерді жаңа парталар жиынтығымен және ин­терактивті тақталармен жабдықтауға, оңалту орталығының, бейімделген спорт секциялары мен кешенінің ашылуына көмектесті. Бұл қаланың дамуына және балаларымыздың жарқын болашағына қосқан баға жетпес үлес деп бағалаймын. Әрі қарай да ынтымақтастығымыз тұ­рақ­ты және табысты болады деп үміт­те­неміз, деді Жаңабай Аймағанбетов.

Тұрғындардың айтуынша, көлемі 1200 шаршы метрге дейінгі ойын алаңдары сапа жағынан барлық талаптарға сай болып жоспарланып, құрылыс жұмыстары Жаңаөзен қаласы мен Жетібай ауылында өткен жылдың ақпан айында басталған.

– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қаржыландыруымен салынып, пайдалануға беріліп отырған нысан жастар мен балалар үшін бос уа­қытын тиімді әрі пайдалы өткізіп, ден­саулығын шынықтыратын таптырмас орын болмақ. Тұрғындардың атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. Енді осы жерді әркім, әсіресе ата-аналар жағы көзінің қарашығындай күтіп ұстаса екен, деді жаңаөзендік қоғам белсендісі, ҮЕҰ өкілі Рухия Қалдыбай. Сондай-ақ шараға келген «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қарасты «Oil Services Company» ЖШС қызметкері Әділет Мүтәлі тамаша алаңға куә болып, мұнайшы жастар атынан алғыс білдірді.  

 

Маңғыстау облысы