• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 24 Наурыз, 2023

Қазақстанның Румыния және Словениядағы елшілері тағайындалды

347 рет
көрсетілді

Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.