• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Наурыз, 2023

«Қазгидромет» су тасқыны кезеңіне гидрологиялық болжам жасады

423 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 25-31 наурыз аралығына апта сайынғы гидрологиялық болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК 2023 жылғы 16-23 наурыз аралығында есептеген қармен жабылған Қазақстан аумағының ауданы NASA спутниктерінің суреттерінің деректері бойынша 39% - дан 34% - ға дейін азайды.

2023 жылғы 25-31 наурызға арналған апталық синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес Қазақстанның батысында жаңбыр болжануда, республиканың солтүстік жартысында, елдің орталығында және шығысында, осы кезеңнің ортасынан бастап түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болжанады. Осыған байланысты, жоғарыда аталған өңірлерде қардың еруі және еріген қар ағынының қалыптасуы күтіледі.

Қазақстанның батысында көрсетілген кезеңнің басым бөлігінде түнгі температура +2+10°С шегінде сақталады, күндіз температуралық фон +12+20°С, Атырау облысында +17+25°С, наурыздың соңғы күндерінде ауа температурасының шамалы төмендеуі болжанады.  Елдің солтүстік жартысында, республиканың орталығы мен шығысында алдағы аптада түнгі және күндізгі ауа температурасының көтерілуі күтіледі.