• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Наурыз, 2023

28-30 наурызға арналған ауа райы болжамы

523 рет
көрсетілді

Казгиромет 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлай Egemen.kz.

Қазақстан аумағының батыс бөлігі төмен қысымның әсерінде болады, сонымен байланысты тұрақсыз ауа райы болжанады. Сондай-ақ фронтальды бөлімдердің өтуімен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда күндіз қатты қар, жаяу бұрқасын, 29-30 наурызда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағаймен жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады деп болжануда.

30 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 аяз-5 жылыға дейін төмендейді деп күтіледі.