• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Экология 27 Наурыз, 2023

ХХІ ғасырдың басынан бері таулы ормандардың 7 пайызы жоғалып кеткен

321 рет
көрсетілді

ХХІ ғасырдың басынан бері түрлі себептерге байланысты жер бетіндегі ормандардың 7 пайызы жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер бетіндегі орманның 7 пайызы бұл - 78 миллион гектар жер. Ал Германия мен Францияда бұл көрсеткіш 10 пайызға жетеді. Сонымен қатар соңғы жылдары таулы ормандарды кесу 2,7 есе жиілеген. Бұған ағаш кесу, өрт және адами факторлар әсер еткен.

Азия мен Еуропаның таулы ормандары ең көп зардап шеккен. Ал Солтүстік Америка мен Океаниядағы шығын салыстырмалы түрде әлдеқайда аз. Ағаш жойылуының 40 пайызы тропикалық ормандарда болған. Оған себеп - жергілікті жердің экономикасы мен халық санының белсенді түрде өсуі. 

Шығындардың жартысына жуығы, яғни 42 пайызы, ормандарды кесуге байланысты, өрт салдарынан жоғалған таулы ормандар шамамен 29 пайызды құрайды. Ал ауыл шаруашылығымен байланысты қызмет 10 пайыздан 15 пайызға дейінгі көрсеткішті құрайды.