• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Білім 27 Наурыз, 2023

Қазақстанда шетелдік ЖОО-ның алты филиалы ашылады

606 рет
көрсетілді

2023 жылы Қазақстанда шетелдік ЖОО-ның алты жаңа филиалы ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Heriot watt university (Ұлыбритания) Ақтөбедегі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ашылады.

Білім беру бағдарламалары:

геоинженерия; электр энергетикасы; компьютерлік инженерия.

Сеул ҰҒТУ (Оңтүстік корея) Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы ҚМУ базасында ашылады.

Білім беру бағдарламалары:

агротехника; IT технологиясы; инженерия; биотехнология.

Гази университеті (Түркия).

Шымкенттегі оңтүстік қазақстан педагогикалық университетінің базасында Білім беру бағдарламалары:

білім, педагогика; құрылыс және сәулет.

Германия жоғары оқу орындарының консорциумы (Берлин, Гамбург, Анхальт) Ақтаудағы Есенов университетінің базасында ашылады.

Білім беру бағдарламалары:

сутегі энергетикасы; жасыл энергетика және баламалы энергетика.

Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері және Д.И.Менделеев атындағы РХТУ М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында ашылмақ.

Білім беру бағдарламалары:

ирригация; гидроинженерия; су ресурстарын басқару.