Астанада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәрмеңке осы жылдың 30 наурызында ұйымдастырылады. Онда жоғары оқу орындарының түлектері, бас бостандығынан айыру орындарынан мүгедектігі бар адамдар және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар өздеріне жұмыс таба алады.
Жәрмеңке барысында департамент өкілдері жастарды жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастыру мүмкіндігі туралы айтып, мемлекеттік қызметке кіру ережелері туралы түсінік береді.
Шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Бейбітшілік, 9 (бұрынғы ЦУМ) мекенжайы бойынша өтеді.