2023 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 2 130,4 млн долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 19,1%-ға көбейді.
2023 жылғы қаңтарда тауарлар экспорты – 932,7 млн доллар (52,9% жоғары), импорт – 1197,7 млн доллар (1,7% жоғары) деңгейінде қалыптасты. Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,4%, бұдан әрі Қырғызстанға – 4,2%, Беларуське – 3,3%, Арменияға – 0,1% үлес тиесілі.
ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда химиялық элементтер бойынша 9,6 есе өсім байқалады. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу бар (81,3% аз).
Импортта ең үлкен өсім қара металдан жасалған құбырлар мен басқа түтіктер (мысалы, дәнекерленген, тойтарылған) бойынша өсім – 3 есе. Бұл ретте төмендеу жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша (99,9% аз) тіркелген.