• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 29 Наурыз, 2023

Президент: Елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтерілді

401 рет
көрсетілді

Жуырда өткен Мәжіліс және мәслихат сайлауының қорытындысы бойынша, Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылғанын байқап отырмыз. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Енді партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретін болады. Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни, Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды», деді Президент алғашқы сессия барысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды.

«Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты. Осылайша, елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты», деп қосты Қасым-Жомарт Кемелұлы.