• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 29 Наурыз, 2023

Сайлауда жеңген Amanat партиясы белсенді болады деп сенемін - Тоқаев

275 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің дамуына басымдық берілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпы алдағы бесжылдық шағын және орта бизнесті қолдауға арналуы керек. Ұлттық жобалар уақтылы және сапалы жүзеге асырылуға тиіс. Бюджеттің әрбір тиыны тиімді жұмсалуы керек. Осының бәріне парламенттік бақылау жасау айрықша маңызды», деді Президент.

Сонымен қатар сайлауда жеңіске жетіп, депутат болған азаматтарға ел үмітін ақтау керегін айтты.

«Өздеріңізге дауыс берген азаматтар үлкен үміт күтіп, сенім артып отыр. Депутаттар билік пен қоғамның әріптестігін нығайтуға үлес қосуы қажет. Бұл жұмыс «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орнықтыруға септігін тигізеді. Әсіресе, сайлауда жеңіске жеткен Amanat партиясы осы жұмысқа белсене атсалысады деп сенемін. Партияның тәжірибесі мол, қоғам тарапынан жан-жақты қолдау бар. Сондықтан Amanat партиясы алдағы өзгерістердің бел ортасында болады деп үміттенемін», деді Қасым-Жомар Тоқаев.