Жанқош Тұраров мексикалық Алехандро Менесеспен кездесіп, оныншы раундта жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ж. Тұраров мексикалық боксшы Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін күш сынасты. Айта кетейік, бұл тартысқа түскен мексикалық боксшы әлем чемпионы болатын. 12 раундқа есептелген жекпе-жек Тұраровтың жеңісімен аяқталды. Қарсылас боксшы оныншы раундта шаршы алаңға шығудан бас тартты.
Жанқош Тұраров кәсіби мансабында 27-жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын иеленді. Алехандро Менесес кәсіби бокста алтыншы рет жеңіліп, атағынан айырылды.