• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бизнес Бүгін, 11:44

Шағын бизнес неге жабылып жатыр? Министр себептерін атады

30 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздегі шағын және орта бизнес субьектілерінің азаюына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Жұманғариннің мәліметінше, 2026 жылдың І тоқсанында шағын және орта бизнес секторында бірқатар өзгеріс тіркелді. ШОБ-тан бюджетке түсім 20,3%-ға өсіп, электрондық шот-фактуралар арқылы айналым 14%-ға артқанымен, 207 912 жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан.

Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді

Алайда министрдің айтуынша, жабылған кәсіпкерлердің басым бөлігі табысы жоқ немесе ұзақ уақыт белсенді болмаған бизнес субъектілері саналады, сондай-ақ бір бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамту форматына ауысқан немесе басқа жұмыс түріне өткен.

Сонымен қатар, 99 мыңнан астам жаңа салық төлеуші тіркеліп, 410 мыңнан астам өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат пайда болған, олардың басым бөлігі платформалық қызметтерде (InDriver, Yandex, Wolt және т.б.) жұмыс істейді.

Бизнестегі бюрократия азайды ма? Қаржы вице-министрі жауап берді

Министрдің сөзінше, бұл үрдісті шағын бизнестің құлдырауы емес, экономиканың құрылымдық трансформациясы ретінде бағаланып отыр.

Нұрболат АМАНБЕК 

Соңғы жаңалықтар