• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Наурыз, 2023

«Екібастұзтеплоэнергоға» 27,6 млн теңге айыппұл салынды

312 рет
көрсетілді

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мамандары Екібастұз қаласының прокуратурасымен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС-нің қызметіне жүргізілген тексеру аясында монополисттің заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына бекітілген температуралық кестенің параметрлеріне Екібастұз қаласының тұрғындарын жылумен сапасыз қамтамасыз ету түріндегі жүйелі түрде сәйкес келмеуін ескере отырып, ҚР ҚК 4-бөлігі бойынша бес әкімшілік іс қозғады. Бұл баптардың санкциясында 27 600 000 теңге айыппұл қарастырылған.

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50%-ын, яғни 13 800 000 теңгені өтеді.