АСТАНА. 30 маусым. Астананың жасыл белдеуін аралаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл аймақ» мемлекеттік кәсіпорнына қарасты Қызылжар орман шаруашылығының жұмысымен танысты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев: «Барлығы да бұл ағаштар мұнда өспейді деп санаған еді. Бұл жер жарамсыз, тұзды дегендер де болды. Бірақ, біздің орманшылар мен ғалымдардың бірлесіп дұрыс әдіс табуы, тиісті көшеттерді іріктеуі нәтижесінде жайқалған орман өсіп келе жатыр», – деді. Сондай-ақ, ол 2020 жылға дейін 100 мың гектар жерге ағаш отырғызылатынын жеткізді.
Президенттің айтуынша, қазіргі таңда Қызылжар орман шаруашылығы алқабында 70 мың гектар жерге ағаш егілген.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: Astana.gov.kz.