• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2014

Қостанайлық кәсіпкер Еуразиялық экономикалық одақ нарығын игеруді көздеуде

322 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 шілде. Қостанайлық Мырзаболат Камелов 2015 жылы Ресей нарығына өз өнімдерін шығаруды қолға алмақ. Бұл туралы BNews.kz хабарлады. М.Камелов: «Жеке кәсіпкер ретінде 1996 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Жұмсақ жиһаз шығарамыз. Бастапқыда жиһазға қажетті бұйымдарды сатумен айналыстық. Ал 2009 жылдан бастап жиһаз өндірісін қолға алдық. Баға мен сапаға басты назар аударып, Беларусь пен Ресейден жеткізілетін өнімдердің баламасын ұсынып келеміз», – деді. Қазіргі таңда Мырзаболат Камеловтің меншігіндегі «Ажур» фабрикасында 37 адам жұмыс істейді. Олардың өнімдері тек Қостанай облысына ғана емес, Астана, Өскемен, Көкшетау қалаларына және Ресейге жеткізілуде. Жеке кәсіпкер келер жылы Еуразиялық экономикалық одақ нарығын игеруге белсене кіріспек. Жолдыбай Базар. Дереккөз: BNews.kz. Фото: businessnews.kz.