АСТАНА. 1 шілде. Көкшетау қаласында құрылыс материалдарын шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында салынған өндіріс орнының жобалық құны 1 млрд. теңгені құрап отыр. Кәсіпорын ашылған сәтте бірден 70 адам жұмысқа орналасқан.
Жалпы аумағы 7 000 шаршы метрді алып жатқан кәсіпорын өнім көлемі ұлғайған сайын жұмысшылар санын 100-ге жеткізуді жоспарлауда. Зауыт толық автоматтандырылған.
Кәсіпорын директоры Александр Дворцевой: «Тәулігіне 300 метр плита шығарамыз. Оның ішінде үйдің іргетасына арналған бетондар, қабырғалар және төбесін жабатын бетондар бар. Зауытқа кеткен қаржы жеке өзіміздікі. Мемлекет арнайы жер бөліп берді және банктен алған несиеміздің пайыздық мөлшерлемесін жауып отыр. Әзірге зауыт өнімдері Көкшетау қаласының құрылыстарына жұмсалуда. Сұраныс жоғары», – деді.
Зауыт басшылары отандық құрылыс заттарын көптеп шығару еліміздегі тұрғын үй бағасын төмендетуге жол ашады деп есептейді.
Олар келесі жылдан бастап 9 қабатты панельді үйлер салуды қолға алмақ.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: «24kz».