«ҚазФерроСталь» ЖШС Бас директоры Аида Бекманова 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы 30 маусымда Антикор Бекманованы Алматы экология департаментінің қызметкеріне «ҚазФерроСталь» компаниясына салынған 11,4 млрд теңге көлеміндегі айыппұлды алып тастау үшін пара беріп жатқан кезінде ұстаған болатын.
Операция барысында металлургия компаниясының басшысы өзімен бірге 160 мың доллар алып келгені анықталған.