Елімізде әскери борышын өтеп келгендер мен әскер қатарындағы үздік азаматтарға бірқатар жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскердегі борышын өтеген кез келген азамат еліміздің жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз ақылы бөліміне түсе алады. Ал әскер қатарындағы үздіктер тегін оқи алады. Оларды Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Ұлттық ұлан өз критерийлеріне сай анықтайтын болады.
Аталмыш жобаны 30-ға жуық отандық ЖОО қолдауға дайын. Соған сәйкес сарбаздарға тегін оқуға мүмкіндік беретін ЖОО тізімі белгілі болды:
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; Astana IT University; «Тұран Астана» университеті; Қазақ технология және бизнес университеті; Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті; М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті; Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті; Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті; Қазақстан-Ресей медицина университеті; Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті; Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы; Халықаралық білім беру корпорациясы Қазақ автомобиль-жол институты: Алматы менеджмент университеті; Caspian University Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы; Қазақ жолдар және қатынастар университеті; Тұран университеті; Азаматтық авиация академиясы; М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті.