Ұлттық банк ұсынған мәліметтерге сәйкес, 1 наурыздағы есеп бойынша депозиттер мөлшері 19,4 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
2022 жылдың екінші кезеңінде депозит мөлшері 16,4 трлн теңге болған. Яғни биыл жинақ сомасы 18 пайызға немесе 3 трлн теңгеге ұлғайды.
Қаражаттың көп бөлігі, атап айтқанда 13,4 трлн теңге - жеке тұлғалардың жинағы. Ал заңды тұлғалардың депозиттері 6 трлн теңгеден асты.
Салымышылардың басым бөлігі ақшасын ұлттық валютамен сақтайды.
Өңірлерге келетін болсақ, Алматы мен Астана тұрғындары депозитке көбірек ақша салады. Алматы тұрғындары жинаған депозит мөлшері 8,05 трлн теңге болса, Астана тұрғындары 4,2 трлн теңге жинаған.
Сондай-ақ Қарағанды облысында – 922,7 млрд теңге, Қостанай облысында – 637,1 млрд теңге және Шығыс Қазақстан облысында – 610,4 млрд теңге жинақталған.
Ең аз қаражат, яғни 62,2 млрд теңге Ұлытау облысында жиналған.