«Хабар 24» таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың бұрынғы президентіне қылмыстық айып тағылды. Бұл ретте, Дональд Трамқа қарсы бірнеше іс бойынша тергеу жүріп жатқанын айта кету керек.
Мәселен, Әділет министрлігі экс-президент қызметінен кеткен соң Флоридадағы саяжайында құпия құжаттарды сақтады деп айыптады. Ал Конгресс комитеті Трамп жақтастарының Капитолийге шабуылын тексеріп жатыр.
Сондай-ақ бұрынғы Президенттің 2016 жылғы сайлау науқаны кезіндегі қаржылық есептері біраз күмән тудырғаны белгілі болды.