• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Технология 02 Сәуір, 2023

3D принтер шығарады

377 рет
көрсетілді

Биыл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет әртүрлі форматтағы 3D принтерін құрастыратын шағын өндіріс ашылады. Технологияны құрылыс және басқа да өнеркәсіпте қолдануға болады. Өндірістің жылдық қуаты 300 принтер деп жоспарланған.

Бүгінде аталған оқу орнының ғылыми өндіріспен сабақтастығы белсенді даму жолына түскен. Уни­вер­ситет ғалымдары өндіруші­лер­мен бірлесіп, 3D принтер шыға­ру­­дың инновациялық технология­сын қолдануға ниет танытып отыр. Өнді­ріс «ENU-Lab» ғылыми-өнді­ріс­­тік орталығының базасында құрылады.

– 3D принтерлерін шығару бас­тап­қыда құрылыс және басқа салалар үшін керек. Болашақта «ENU-Lab» ғылыми-өндірістік орталығының базасында 3D прин­терді геополимер негі­зін­дегі жаңа құрылыс материалдарын шығару үшін пайдаланып, одан әрі коммерцияландыру жобамыз да бар. Осы сегменттегі жаңа технология­лар қол­да­нылатынын ескерсек, бұл өндіріс елімізде бірінші рет іске қосылады, – деп түсіндірді ұлттық университеттің инновацияларды дамыту департаментінің директоры Әсел Жексембаева.

Шығарылатын тауарға негізгі тапсырыс берушілер еліміздегі және шет мемлекеттердің технопарктері, білім беру мен ғылыми мекемелер және индустриялық кәсіпорындар болмақ. Өнімді экспорттау мүмкін­дігі де бар.

– Қазір ел аумағында жеткізу және техникалық қолдау технология­сын әзірлейміз. Содан кейін сыртқы нарыққа шығуды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде 3D принтерін сатып алуға дайын Өзбекстан және Қырғызстанмен байланыс орнаттық, – деді «SpaceLab» ЖШС директоры Арман Бекембаев.

Жобаға университет студенттері де қатысып, практикалық тәжіри­белерін шыңдап, ғылыми зерттеу жүргізуге мүмкіндік алмақ.