• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 03 Сәуір, 2023

Қазақстанда мұғалімдердің біліктілігін бағалау тесті басталды

505 рет
көрсетілді

27 наурызда педагогтердің білімін бағалауға (бұрынғы атауы – ұлттық біліктілік тестілеуі) өтініш қабылдау басталған еді. Өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қабылданды. Ал бүгін, 3 сәуірде педагогтер сынақтан өте бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰТО баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тестілеуге келесі санаттарға жататын азаматтар қатыса алады:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері; білім беру ұйымдарының әдіскерлері; жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері; қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері; білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің басшылары; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері; педагогикалық бағыттар бойынша ЖОО және колледж бітіруші түлектері; педагогикалық бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар.

Педагогтердің білімін бағалау 3-22 сәуір аралығында өтеді.

Еске салайық, бұл сынақ педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізіледі. Тест сынақтарын білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді.

Тест 50 тапсырмадан тұрады:

«Пәндік білім» бойынша – 30 тапсырма; «Оқыту әдістемесі» бойынша – 20 тапсырма.

Тапсырмалар формасы бойынша екі түрлі болады:

бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар; бір дұрыс жауабы бар мәтіндік тапсырмалар.

Тест тапсыруға 90 минут уақыт берілсе, «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін тест 125 минутқа созылады.