• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Тағайындау 04 Сәуір, 2023

Зүлфия Сүлейменова Экология министрі қызметіне қайта тағайындалды

243 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2013-2014 жылдары Қазақстанның Жасыл экономика коалициясында сарапшы болып жұмыс істеді.

2014-2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінде ғылыми қызметкер болды.

2015-2018 жылдары Бангкокта (Тайланд) БҰҰ ЭСКАТО Қоршаған орта саясаты мен қоршаған орта және даму дивизионын дамыту секциясында консультант болды.

2018-2019 жылдары Түрікменстандағы БҰҰ Даму бағдарламасында халықаралық консультант, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасында ұлттық консультант, Бангкокта (Тайланд) БҰҰ ЭСКАТО-ның Қоршаған орта саясаты мен қоршаған орта және даму дивизионын дамыту секциясында кеңесші қызметтерін атқарды.

2020-2021 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі VII шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

2022 жылғы наурыздан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

2023 жылғы 4 қаңтардан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.