Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1997 жылдан бастап – «ҚазТрансОйл» МТҰК АҚ менеджері, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы.
1998 жылдан бастап – «ҚазТрансОйл» МТҰК АҚ басқарушы директоры, экономика бойынша вице-президенті.
2001 жылғы қаңтардан бастап – «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясында қаржы директоры, экономика бойынша вице-президенті.
2003 жылғы қарашадан бастап– «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының бірінші вице-президенті.
2006 жылдан бастап – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының электр энергетикасы активтерін басқару жөніндегі директоры.
2007 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі.
2007-2011 жж. «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті, Басқарма Төрағасы-Президент.
2011-2012 жж. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры,
2012-2018 жж. «Самұрық Энерго» АҚ Басқарма төрағасы.
2021 жылдың нарыз айынан бастап "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы