2023 жылғы 29 наурызда Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Бүгін, 4 сәуірде министрлер кабинетінің жаңа құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкіметтің жаңа мүшелері:
Мұрат Нұртілеу – Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі (Мұхтар Тілеубердінің орнына);
Алмасадам Сәтқалиев – Энергетика министрі (Болат Ақшолақовтың орнына).
Орнын сақтап қалғандар:
Роман Скляр – Премьер-министрдің бірінші орынбасары;
Ерұлан Жамаубаев – Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі;
Серік Жұманғарин – Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;
Алтай Көлгінов – Премьер-министрдің орынбасары;
Ғалымжан Қойшыбаев – Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы;
Руслан Жақсылықов – Қорғаныс министрі;
Марат Ахметжанов – Ішкі істер министрі;
Дархан Қыдырәлі – Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Ербол Қарашөкеев – Ауыл шаруашылығы министрі;
Азамат Есқараев – Әділет министрі;
Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі;
Ажар Ғиният – Денсаулық сақтау министрі;
Тамара Дүйсенова – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Марат Қарабаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Асхат Оралов – Мәдениет және спорт министрі;
Юрий Ильин – Төтенше жағдайлар министрі;
Әлібек Қуантыров – Ұлттық экономика министрі;
Бағдат Мусин – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Зүлфия Сүлейменова – Экология және табиғи ресурстар министрі.
Ғани Бейсембаев – Оқу-ағарту министрі.