Қазақстан спортшысы Абиба Әбужақынова дзюдодан үздік бестікке енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталияда өткен Grand Slam сериясының турнирінен кейін дзюдошылардың рейтингін жаңартты. Бұл туралы Olympic.kz хабар таратты.
Мәселен, турнир кезінде қола медаль иеленгені үшін Қазақстан спортшысы Нұрқанат Серікбаевқа 500 ұпай берілді, өз кезегінде бұл оның әлемдік рейтингте 15 орынға дейін көтерілуіне мүмкіндік берді.
Сондай-ақ жаңартылған мәліметтерге сәйкес, спортшы қызымыз Абиба Әбужақынова әлемнің үздік бес дзюдошысы қатарына енді. Ал ерлер құрамасы сапынан Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Данияр Шамшиев (73 кг) өз салмақ дәрежелерінде 15-орынға тұрақтады.