• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Сәуір, 2023

Филиппинде жер сілкінісі тіркелді

268 рет
көрсетілді

Филиппин жағалауында 4 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 20:54-те (Астана уақытымен 18:54) жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz  Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология институтына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуі Филиппин аралдары аймағында тіркелді. Магнитудасы – 6,2, тереңдігі – 46 км.

Эпицентрі 179 мың халқы бар Легаспи қаласынан шығысқа қарай 190 км жерде, 4 мың тұрғыны бар Вига қаласынан 118 км жерде орналасқан.