Синоптиктер 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, таулы аумақтарында - қатты жаңбыр, республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының таулы аумақтарында қатты жаңбыр жауады.Түнде Алматы облысының таулы аумақтарында, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында және таулы аумақтарында 1-6 градусқа дейін үсік сақталады.
Ал Алматы қаласында бүгін күн ашық болады, термометр бағаны күндіз +17...+19 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.
Астанада да сәрсенбіде жауын-шашын күтілмейді, дегенмен көшпелі бұлт шығуы мүмкін. Күндіз +16...+18 градус аралығында жылы болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Синоптиктер бүгін Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын ескертеді. Сондай-ақ ауа температурасы +16...+18 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Бұдан бөлек мегаполисте желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.