• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Медицина 05 Сәуір, 2023

Бірлесе атқарған іс берекелі

228 рет
көрсетілді

Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой мен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Сөз басында іскерлік бай­ла­­ныс­ты да­мытуды мұрат тұтқан деле­гацияның біз­дің өңірге дейін Ақтөбе облысы мен Шымкент қала­сында болғанын айта кете­лік. Алексей Цой өз сөзінде елі­міз­дің өзге өңірлерінде де осындай­ ма­ңыздағы іс-шаралар жыл соңына де­йін жалғасатынын айтып өтті. Елді­ елең еткізген сапардың басты­ мақ­саты – аурудың алдын алу, диаг­­но­­с­­тикалау және емдеу мен жалпы­ сауықтыру саласында тәжі­ри­­бе алмасу.

Делегация құрамында орта­лық­тың ж­ә­не­ орта­лық кли­ника­лық­­ ау­­ру­­­ха­­наның жоғары білікті ма­­­ман­­­да­ры бар. Олар өңірдің ем­деу­ меке­ме­лерінде шеберлік са­бақ­­тарын өткізіп, прак­тикалық және­ консультациялық-әдіс­теме­лік­ көмек көрсетуде. Орта­лықтың жетекші мамандары­ өңір­дің 340 тұрғынына тегін ме­ди­­­ци­­налық көмек көрсетуді жос­пар­лап отыр.

Жиын барысында өңір бас­шы­­сы облы­с­тағы медицина сала­сы­­ның ахуалы туралы баяндаса, орта­лықтың атқарып жатқан аумақ­­ты жұмыстары жайында Алек­сей Цой таратып айтып бер­­­ді.­­ Мұнан соң орта­лық­ клиникалық ауру­­­ха­наның пре­зи­ден­ті Асхан Бра­лов­ баяндама жа­сады. Президент Іс бас­қармасы Ме­ди­циналық орталығы ауру­ха­на­сы­ның директоры Рустам Ал­баев өз пі­кірін ортаға салып, ал­дағы ауқымды жұмыс туралы тәп­тіштеп түсіндірді. Мұнан соң екі жақ өза­ра ынтымақтастық меморанду­мына қол қойды.

Енді медициналық орта­лық­­­­тың қыз­мет­кер­лері өз тәжі­ри­­­­бе­лерімен, саладағы соны жа­ңа­­лықтармен бөліспек. Қазірдің өзінде бір­ле­­се ат­қа­ратын 33 іс-шара жос­­пар­ланып­ отыр. Жиын со­ңын­да құрметті қонақ­тар­дың­ қатысуымен көпбейінді об­лыс­тық­ аурухананың құ­ры­лысы танысты­рылды. Сон­дай­-ақ делегация облыс­ орта­лы­ғын­да­ғы медициналық меке­ме­лер­дің ма­те­риалдық-техникалық базасы­мен танысты.

 

КӨКШЕТАУ