Атырау облысы әкімінің өкімімен бұл лауазымды Қайсар Абдалиев атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайсар Қайратұлы 2012 жылы Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Емдеу ісі», 2017 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығымен бітірген.
Денсаулық сақтау министрлігінде 5 жылдан астам қызмет атқарған. Еңбек жолын 2013 жылы «Ұлттық кардиохирургия орталығы» АҚ-ның стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму бөлімінде бастаған.
2016 жылы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті ана мен бала денсаулығын сақтау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы, 2016-2017 жылдары Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті стационарлық медициналық көмек басқармасының сарапшысы, 2017-2019 жылдары медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болған.
Ал 2019-2020 жылдары Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының, 2020-2021 жылдары медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті стацилнарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
2021 жылдан осы тағайындауға дейін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.