• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Сәуір, 2023

Әсет Мағауов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

213 рет
көрсетілді

Үкімет қаулысымен Әсет Маратұлы Мағауов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ә. Мағауов 1972 жылы Атырау облысының Құлсары ауылында дүниеге келген. И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын тәмамдаған, Халықаралық Валюта қорында және Азия Даму Банкінде тағылымдамадан өткен.   Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары «Теңізмұнайгаз» АҚ, «Қазақойл» ЖАҚ, «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмыс істеген.   2008–2010 жылдары — Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;   2010–2011 жылдары — Мұнай және газ вице-министрі.   2017 жылғы желтоқсаннан бастап KAZENERGY қауымдастығының бас директоры лауазымын атқарған.   2019 жылдан бастап Энергетика вице-министрі қызметінде болған.