ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы БҚО облыстары бойынша ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік грант конкурсын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Конкурсқа республика бойынша барлық ҮЕҰ қатыса алады, бірақ грантты ұтып алғаннан кейін, жобаны Маңғыстау облысы аумағында жүзеге асыру керек.
Мемлекеттік грант конкурсы азаматтық қоғам институттарының әлеуетін арттыру мақсатында өткізіледі.
Өтінімдер 2023 жылғы 14 сәуір (Астана уақыты бойынша) сағат 18:30-ға дейін қабылданады.