АСТАНА. 3 шілде. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің 2014 жылғы 30 маусымдағы шешімімен Ринат Нүрияминұлы Сейсенбаев «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік оғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Ринат Сейсенбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін экономист, менеджмент және маркетинг мамандығы бойынша бітірген.
Ол әр жылдары «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары, «Самұрық-Қазына Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Алтел» акционерлік қоғамының, «Жана АР-Ойл» ЖШС және «Астана-Құрылысинтерьер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Қарағанды отын-энергетикалық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары болып қызмет еткен.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: today.kz.