• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 08 Сәуір, 2023

8 сәуірге арналған ауа райы болжамы

381 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады,  солтүстік аймақтарда – қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады. Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында, елдің солтүстігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республикамыздың басым бөлігінде жел күшейеді, тұман болады, солтүстік облыста көктайғақ, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – найзағай ойнап, бұршақ түседі деп болжанады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында 

Сондай-ақ синоптиктер түнде еліміздің оңтүстігінде, шығысында, Алматының таулы аудандарында, Жетісу облысының таулы аудандарында, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауатынын айтады.

«Түнде Жетісу облысының солтүстігінде ауа температурасы -1 градусты көрсетіп, үсік жүреді», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.