Павлодар балабақшаларының бірінде баланы шапалақпен ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды. Ал мекеме басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде балабақшада түсірілген видео тарап жүр. Бейнекадрдан тәрбиешінің баланы шапалақпен соғып, көрпемен жауып жатқанын көруге болады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі балаларға дөрекілік таныту фактісі бойынша №28 балабақшада қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.
«Тергеу қорытындысы бойынша ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды», деп жазды білім беру бөлімінен.
Сондай-ақ тәрбиешілердің қызметін бақылауды әлсіреткені үшін мектепке дейінгі ұйым басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылған.