• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Сәуір, 2023

Елордада денсаулық пен білім саласына салынған инвестицияның көлемі артқан

278 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Atameken business телеарнасына берген сұхбатында қаланың инвестициялық ахуалы туралы жан-жақты мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елордада инвестициялық ахуал жаман емес. Мысалға 2021 жылы қалаға келген инвестиция көлемі 1 триллион 200 млрд теңгені құрады. Былтыр 1,5 триллион теңге болды. Ал биыл бірінші тоқсанның нәтижесі бойынша  қалаға келген инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өсті. Инвесторлар қаламен жұмыс істеп жатыр, олар қабылданған заңдарға, инвестициялық ахуалға сенім артып отыр», деді Жеңіс Қасымбек.

Ол сұхбат барысында медицина, білім беру салаларына тартылатын инвестиция көлемі 10 есе артқанын тілге тиек етті.

«Инвестицияның 26 пайызы құрылысқа, қалғаны өндіріс және басқа салаларға бөлінген. Қуантатыны, қазір денсаулық сақтау және білім беру салаларына инвестиция өткен жылдармен салыстырғанда 10 есе көбейіп жатыр», деді қала әкімі.