• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Сәуір, 2023

Алғашқы алтын

301 рет
көрсетілді

Волейболдар «Павлодар» ерлер клубы өз тарихында алғаш рет ел чемпионатының жеңімпазы атанды. Финалда Қазақ­стан­ның былтырғы үздігі – «Атырауды» жеңіп, жеңіс тойын той­лады.

Белгілі маман Игорь Ни­коль­ченко жаттықтыратын «Пав­лодар» волейбол клубы Пав­лодардағы «Баянтау» спорт са­райында өткен финал­дық ойындарда бірнеше кезде­су өткізіп, алтын жүлде үшін та­ласта «Атыраумен» кездес­ті. Ақтық сында азулы қар­сы­лас­пен екі ойынның қоры­тын­дысында 10 партия өткізіп, 3:2, 3:2 есебімен басым түсті. Сөй­тіп, алтын жүлдені олжалап, жерлестеріне тамаша сый жасады.

Бұл – клуб тарихындағы алғашқы алтын. Жарыстың негізгі бөлігін үшінші орынмен тә­мамдаған жергілікті команда плей-оффта Алматының «Буревестник» клубын жең­ген еді.­ Ал «Атырау» был­тырғы Ұлттық лиганың же­­ңімпазы болғандықтан, соң­ғы ойын­ның салмағы ауыр бол­ғаны тү­­сінікті. Осылайша, Қа­зақ­стан­ның волей­бол картасында Павлодар қа­ла­сы чемпион болған тоғы­зын­шы команда ре­тінде тіркелді.

Турнирдің қола жүлдесі үшін болған ойында алматылық «Бу­ревестник» былтырғы же­тіс­­тігін тағы қайталап, жүлде­гер­­лер сапынан көрінді. «Та­раз» өткен жылғыдай жүлдесіз қалды.

Керекудің ерлер командасы сөйтіп, өз тарихында тұңғыш рет ең жоғары жетістікке жетіп отыр. Кезінде Павлодардың ару­ларынан құралған «Пульс» клубы 1995 жылы, ал «Ертіс» командасы 1997 және 1998 жыл­дары ел біріншілігінде топ жарған еді.

 

ПАВЛОДАР