Ақпарат және қоғамдық даму минстрі Дархан Қыдырәлі Қазмедиа орталығында «Netflix» компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірлерінің үкіметтерімен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Александр Лонгты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу барысында Дархан Қыдырәлі Netflix-тің зор әлеуетін ескере отырып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеп, ынтымақтастық орнатуға ынталы екенін жеткізді.
Өз кезегінде, Netflix компаниясы туралы мәлімет берген Александр Лонг жылы қабылдауға ризашылығын білдірді.