• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2023

Кәсіпорындар жұмысшыларға 1,9 млрд теңге қарыз

352 рет
көрсетілді

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 249 кәсіпорында 11,3 мың жұмыскердің алдында 1,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 248 нұсқама беріліп, 31,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 8,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 1,3 млрд теңге төленген.