Ауыл шаруашылығы министрі «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бидай әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», деп жазылған құжатта.
Бұйрық 2023 жылғы 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді.