• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2023

Түркістан облысының тұрғынынан ақша бопсалағандар ұсталды

267 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысы бойынша екі жігітті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысы полиция департаментіне Леңгір қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оны белгісіз біреулер пышақпен қорқытып, күш қолданып, 5 миллион теңге бопсалаған. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі «Қорқытып алу» бойынша тіркеп, күдіктілерді анықтауға кірісті.

Ақпарат бойынша қылмысты ашуға, күдіктілерді ұстауға бірден Түркістан облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмылдырылды.

Төле би ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер 5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны алып тұрған жерінен екі жігітті ұстады. Олардың біреуі бұрын сотты болған Төле би ауданының тұрғыны.