Елордалық жас қыз 12-қабаттан секіріп кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қыздың 12-қабаттан құлағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Елордалық Полиция департаменті ақпаратты растады.
«Осы жылдың 10 сәуірінде сағат 13:05-те «102» каналына Қ.Мұхамедханов көшесіндегі үйдің ауласында қыздың биіктен құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері қаза тапқан адамның жеке басын анықтады», делінген хабарламада.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.