• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2023

«БерӘлі Маңғыстау Company» жұмыскерлері ұсынысты қабылдамай отыр

482 рет
көрсетілді

ҚР Энергетика министрлігі «БерӘлі Маңғыстау Company» бұрынғы жұмыскерлерінің талаптарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзен қаласындағы «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС-нің 100-ге жуық қызметкеріне жұмыс берушілер 3 сәуірден бастап жұмыстан шығару процесі басталатынын алдын ала хабарлаған. Оған «Өзенмұнайгаз» АҚ-мен арадағы ұңғымаларды жерасты жөндеу жөніндегі шарт мерзімінің аяқталуы себеп болып отыр. Алайда қызметкерлер өздерін одан әрі жұмысқа орналастыру мәселесін, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның штатына ауыстыру арқылы шешуді талап етіп отыр.

Осыған байланысты компанияның бұрынғы жұмыскерлеріне 2023 жылғы 1 сәуірден бастап еңбек жағдайлары мен әлеуметтік пакеті сақталған және орташа жалақысы 700 мың теңгені құрайтын басқа компанияларға («Кезби» ЖШС және «Ai-Bis» ЖШС) жұмысқа орналасу ұсынылды. Бірақ бұрынғы жұмыскерлер одан бас тартып, «Өзенмұнайгаз» АҚ штатына жұмысқа орналасқысы келетіндерін алға тартқан.

ҚР Энергетика министрлігі бұл мәселе еңбек заңнамасы мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алу қағидарын ескере отырып, заңнамалық негізде шешілуі тиіс деп санайды.