Астанада өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандық Елена Шалыгина (68 келі) қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандасымыз алғашқы белдесуінде түрікменстандық Огульян Эгембердиеваны жеңсе, ширек финалда қырғызстандық Мээрим Жуманазароваға есе жіберді.
Елена Шалыгина 3-орын үшін сайыста Мээрим Жуманазаровамен кездесті. Ол жартылай финалда жапониялық Ами Исииден жеңіліп қалған еді.
Қазақстандық балуан қарсыласының осал тұсын тапты. Осылайша ол құрлықтық додада үшінші орынға тұрақтады.