АСТАНА. 4 шілде. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басшысы Талғат Ермегияев Президентке ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық барысын баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Талғат Ермегияев: «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі павильондарының негізгі құрылымдарын салу 2015 жылдың қазан айына қарай аяқталады. Содан кейін павильондар ішіндегі әрлеу жұмыстары басталады. Ал, орталық көрме павильонының құрылысы 2016 жылдың желтоқсан айында бітеді», – деді.
Естеріңізге сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйекке дейін жалғасады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: primeminister.kz.
Фото: buro247.kz.