• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 13 Сәуір, 2023

Теннистен Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылды

339 рет
көрсетілді

Астанада Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бәсекені дүниежүзілік рейтингте 45-орында тұрған Юлия Путинцева мен әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетт бастайды.

Бұл жұп 14 сәуір, жұма күні Астана уақытымен сағат 13:30-да кортқа шығады.

Содан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 253-сатыда тұрған Вероника Фальковска да алаңға шығады.

Ал сенбіде Елена Рыбакина – Магда Линетт, Юлия Путинцева – Вероника Фальковска және жұптық сында Анна Данилина/Гөзал Айнитдинова – Алисия Росольска/Вероника Фальковска кездесулері жоспарланған. Олар да 13:30-да басталады.

Айта кетсек, жеңімпаз команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.