• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2014

Әскери ынтымақтастықты нығайту жолында

318 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің (ТМД ҚМК) кезекті отырысы өтті. Оның жұмысына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының делегациялары қатысты. Достастық шеңберіндегі әскери ынтымақтастықтың көпбейінді сипатын ескере отырып, Кеңес мүшелері өзара іс-қимылдың жалпы перспективаларын және оның басым бағыттарын айқындаудың тұжырымдамалық көзқарастарын талқылады. Отырыста күн тәртібіне сәйкес, Достастық мемлекеттері қор­ға­ныс ведомстволары көпжақты әске­ри ынтымақтастығының түр­лі аспек­тілері бойынша 20-ға жуық мәселе қаралды. Қорғаныс министр­­­­лері, атап айтқанда, инже­нерлік әскерлер әскери қызмет­шілерінің гуманитарлық минасыз­дандыру міндеттерін орындау кезеңіндегі мәртебесіне, радиа­циялық, химиялық және биоло­гиялық ахуалды бақылау және баға­­лау жүйесін дамытуға, әскери мақ­сат­тағы спутниктік байланыс жүйеле­рін пайдалануға, Достастық елдері қарулы күштеріндегі ұшулар қауіп­сіздігіне қатысты құжаттарды қарады. Сонымен бірге, әскери ынты­мақтастықты тереңдету аясында әуе шабуылына қарсы қорғаныс, әскери білім, әскери-қолданбалы спорт түрлері, сондай-ақ, кадрлық және қаржылық қамтамасыз ету салаларындағы басымдық беріл­ген зерттеулерді жүзеге асыру мәселелері қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша әскери-техникалық, әлеуметтік-құқықтық және гума­нитарлық салалардағы өзара іс-қимылды әрі қарай нығайту жөніндегі құжаттар қабылданды. * * * Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде Ресей қор­ғаныс ведомствосының басшысы Сергей Шойгумен кездесті. Кез­десу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери және әскери-техникалық салаларда әрі қарай өзара іс-қимыл жасау мәсе­лелері бойынша пікір алмасылды. Тараптар ТМД пішінінде көп­жақты әскери ынтымақтастық жүйесін жетілдірудің, әскери са­ладағы интеграциялық үдеріс­терді да­мытудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында ҚР ҚМ мен РФ ҚМ арасындағы 1994 жылғы 19 қазандағы ҚР ҚК мен РФ ҚК әскери аэродромдарында қабылдауды ұйымдастыру, аэродромдық-техникалық қамтамасыз ету және әскери әуе кемесін күзету туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».