Қызылордада футбол турнирінде төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің бір-бірін соққыға жығып жатқандығы туралы бейнежазба тарап жатыр.
Оқиға 13 сәуір күні облыс орталығындағы мектептердің бірінде футбол алаңында орын алған. Медициналық көмекке жүгінгендер жоқ.
Аталған дерек Қызылорда қалалық ПБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293 - бабы бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде.
Мән-жайды анықтау мақсатында төбелеске қатысушылар полицияға жеткізілді. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
Сонымен қатар қатысушылар арасында жанжал туындаған спорттық турнирдің ұйымдастырушылары да полицияға жеткізілді.